Сайтқа кіру
Логин
Пароль
 
 
МЕНЮ
 
Күнтізбе
«    Январь 2012    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
 
Сілтемелер
 
Мұрағат
Ноябрь 2009 (1)
Июнь 2009 (2)
Май 2009 (4)
Март 2009 (37)
Құрметті Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ресми сайтына келушілер!

Сіздерді Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ресми WEB сайтының ашылуымен құттықтаймын.


alt

        

   Ауданның білім жүйесін 10 орта, 3 негізгі және 10 бастауыш жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік мектеп, 5 балабақша, 3 жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған мектепке дейінгі шағын орталық, мектептен тыс жұмыс орталығы, туризм және экология орталығы, аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі құрайды. Жалпы білім беретін мектептерде 5133 оқушы, аудан орталығындағы №8 кәсіптік мектепте 188 оқушы кәсіптік білім алуда, 450 бала мектептен тыс тәрбие орталығының үйірмелері мен секцияларында болса, спорт мектебіне 162 бала, Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебіне 92 бала тартылды. Аудандық педагогикалық-психологиялық кабинетіне 272 бала қамтылды. 6 мектеп жанынан интернат жұмыс жасайды, оларға 354 бала тартылды.

   ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен үлгерім аудан бойынша 99,8 пайызды, білім сапасы 40,4 пайызды құрады.

   Қазіргі таңда аудан мектептерінде 5133 оқушы болса, олардың 675-сі озат, 1235-і екпінділері болып табылады.

  2008 жылы ҰБТ-ға 380 бітірушінің 300-і (78,9 пайызы, облыстық көрсеткіш-86,6%) қатысты. Орташа жинақ балл 73,1 балды құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9 балға артты.

2008-2009 оқу жылы 5 мектепте 11 сыныпта 193 оқушы тереңдетіліп оқытылуда. Олардың 2-уі гуманитарлық бағытта болса, 9-ы жаратылыстану-математика бағытында. Осы сыныптардың білім сапасы 64,7 пайыз, оқу үлгерімі 100 пайызды құрап отыр.

   10-11 сыныптарда бейінді оқыту енгізілді. Қазіргі таңда 49 бейінді сыныптың (10 және 11-сыныптар) 22-сі (337 оқушы) қоғамдық-гуманитарлық бағытында, 27-сі (421 оқушы) жаратылыстану-математика бағытында оқытылып келеді.

   Ауданның 10 орта мектебін 380 оқушы бітіріп аттестат алды, солардың 157-сі мемлекеттік грант иегерлері атанып, қазіргі таңда республикамыздың жоғарғы оқу орындарының І-курс студенттері қатарында. 2008 жылғы түлектері арасынан «Болашақ» стипендиясын жеңіп алып, Чехия елінде оқуға мүмкіндік алған бір түлегіміз бар: Байжұмашев Райымбек - Жаңақала ЖОМ түлегі, Алматы қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің машина жасау факультетінің І-курс студенті.

   Аудан бойынша барлық жалпы орта білім беретін мектептердегі компьютер саны - 368. Соның ішінде: 

         информатика кабинеті бойынша - 249;

         мультимедия кабинеті бойынша - 84;

         физика кабинеті бойынша - 5;

         химия кабинеті бойынша - 10 ;

   «Адами капиталды дамыту» бағдарламасы  бойынша - 20 компьютер.        

   2007 жылы республикалық бюджеттен орта білім беретін мектептерді Интернетке қосуға  1407,0 мың теңге  қаржы бөлініп, барлық мектептер Интернетке 100 % қосылды. 2008 жылы 3595,0 мың теңгеге 30 комплект компьютер сатып алынып мектептерге үлестірілді. Сонда 1 компьютерге келетін оқушы саны 14  құрайды.  

   Білім ұйымдары бойынша 7 мультимедия кабинеттері жұмыс жасауда, бағдарламалары 3 тілде берілді.Барлық интерактивтік тақта саны - 8, соның ішінде мультимедия кабинеті бойынша - 4, физика кабинеті бойынша - 2, бөлек интерактивтік кабинет саны -2.

   Ауданның білім беру ұйымдарында 765 (2007-2008 о.ж.-804) педагог кадрлар бар, олардың 41-і жоғары, 223-і бірінші, 260-сы екінші санаттылар, 579-ы жоғары білімді, 186-сы арнаулы орта білімді. Жыл бойы 193 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өтті. Соңғы 3 жылда 304 педагог өз кәсіби біліктілік деңгейін көтеру мақсатында әр түрлі курстардан өтсе, олардың  125-і 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты ұйымдастырылған, 11 мұғалім республикалық курстан өтті.

   2008 жылы Д.Нұрпейісова атындағы, М.Мирманов атындағы және Жаңақала орта мектептері, «Бөбек» және Көпжасар балабақшаларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3650,0 мың теңге бөлінді.

   Оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен  бөлінген 11240,0 мың теңге  қаржы  бөлініп, 9 баспамен келісім шарт жасасып, 26977 дана оқулық  және оқу  әдістемеліктер сатып алынды.

   Балабақшаларға 2831,0  мың теңгеге  жұмсақ және қатты  инвентарлар  сатып алынды, мектеп жатақханаларына жиһаз, құрал-жабдықтар сатып алуға 4869,0 мың теңге, мектеп асханасына жиһаз, құрал-жабдықтар сатып алуға 5111,0 мың теңге бөлініп, қаржы түгелдей игерілді.

   Білім беру бөлімінің ресми сайтының ашылуы - бұл білім саласы қызметкерлерінің бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуларына, жедел түрде мәлімет алмасуларына, шығармашылық ізденіс жасауға, қажетті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бөлімнің сайтына келушілердің ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның білім саласының дамуына ықпал ететініне сенімдімін.

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

Құрметпен,

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің бастығы

Мырзақұлов Нұртай Мырзақұлұлы.
Толығымен

Негізгі бет | Тіркелу | Жаңалық енгізу | Сайттағы жаңалық | Статистика